«Әлімхан Ермеков және Тәуелсіз Қазақстан»

 «Әлімхан Ермеков және Тәуелсіз Қазақстан»

10.04.2021 күні Қарағанды қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде Алаш қайраткері, қазақ жерінің біртұтастығын сақтауға елеулі үлесін қосқан, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың 130 жылдығына арналған «Әлімхан Ермеков және Тәуелсіз Қазақстан» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға мектеп-лицейіміздің педагогтері белсене қатысты. Мектеп-лицей директоры Қ.Ш.Дүбірбекова және тарих пәні мұғалімі, гуманитарлық ғылымдар магистрі С.С.Бейсембай әділ-қазылар алқасында төрелік етті.
Конференцияға қатысушылар мазмұнды ақпараттармен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Алаш қайраткерлерін дәріптеуге зор үлесін қоса отырып, осындай ауқымды іс-шараға ат салысып қатысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушылар тарапына алғысымызды білдіреміз!