“Елбасы медалі”

“Елбасы медалі”

05.04.2021 күні онлайн форматтан штаттық кестеге сәйкес келген 6,7,8 және 10 сыныптары үшін санитарлық кезеңді қатаң сақтай отырып, жеке-жеке сыныптарға саптық жиын болып өтті. Саптық жиынның басы ІV тоқсанның оффлайн форматта басталуы және мектеп-лицейіміздің жағымды жаңалықтары:
”Ел үміті” бастамасы аясында өткізілетін “Елбасы медалі” жобасының қола жүлдегері атанған 10 “А” сынып оқушысы Айтимбетова Дильназ;
 Республикалық “Orda.kz” баспа үйі Еуразия экономикалық одағына кіретін мемлекеттермен біріге отырып, күллі қазақ елінің мақтанышына айналған дарынды ұл-қыздарымыз жайлы “Покорители вершин” Халықаралық энциклопедия жинағына енген, әрі “Покорители вершин” медалінің иегері 9 “В” сынып оқушысы Тілек Еркенұрды құттықтау сөздерімен жалғасты.
Санитарлық шараларды қатаң сақтау және талаптарды ұстана отырып, ІV тоқсанды сапалы, әрі үлкен жауапкершілікпен аяқтау басты міндетіміз екендігі баса айтылды.