"9 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін қорытынды аттестаттау"

02.04.-03.04 күні жоспарланған кестеге сәйкес "9 сынып оқушылары мен ата-аналары үшін қорытынды аттестаттау" бойынша жиналыс өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ:
Қорытынды аттестаттау бойынша өзгерістер;
Ал, аталған:
1) ТжКБ беру мекемелеріндегі өзгерістер;
2) Кәсіби бағдар беру жұмыстарының маңызды ақпараттық сайттар туралы жалпы жиналыс барысында тоқталған сұрақтар қатарында болды.
Жиналыс 9 "А", 9 "Ә", 9 "Б" және 9 "В" сыныптарына жеке-жеке онлайн форматта ZOOM платформасында ұйымдастырылды.
Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, кері байланыс орнатылды.