«Бір сынып-бір кабинет»

«Бір сынып-бір кабинет»

Құрметті ата-аналар, талапты оқушылар!
Бүгін Сіздерді 2020-2021 оқу жылының соңғы тоқсаны IV тоқсанның басталуымен құттықтаймыз! Көктемгі демалыс аяқталып, мектеп-лицей оқушылары IV тоқсанға бар күш жігерлерін жинап, жақсы көңіл-күйде аяқ басты. Білім ұясына сағынышпен, мектеп қабырғасына қайта оралған 6,7,8,10 сынып оқушыларын мектеп-лицей әкімшілігі ұйымдасқан түрде, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды.
Ең бастысы санитарлық талаптарды (кіру кезіндегі температураны өлшеу, қолды залалсыздандыру, желдету, кварцтау және ылғалды тазалау режимдерін) сақтай отырып, оқу-тәрбие үрдісі «Бір сынып-бір кабинет» қағидаты бойынша ұйымдастырылды.
 Құрметті оқушылар, жаңа тоқсан жемісті жетістіктер мен толағай табыстар сыйласын!