«БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ТАҢДАУ КУРСЫ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ»

 «БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ТАҢДАУ КУРСЫ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ»

26.03.2021 күні
Қарағанды облысының педагогикалық шеберлік орталығы және Балқаш қаласының білім бөлімі ұйымдастырумен шебер-мұғалімдер, зерттеуші-мұғалімдер және сарапшы-мұғалімдер арасында оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесі бойынша идеялар мен шығармашылық бастамаларды іздеу, алмасу үшін пікірталас кеңістігін ұйымдастыру мақсатында «Білім сапасы: идеядан іске асыруға дейін. Көшбасшылар тәжірибесі» ғылыми-практикалық конференция өтті.
Мектеп-лицей ұжымынан төмендегі педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісті.
Пікірталас алаңы 1. Тиімді технологиялар және білім сапасы.
Баяндамашы: Тергеубаева К.А
Тақырыбы: «ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНДЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»
Пікірталас алаңы 3. Негізгі және қосымша білім беруді интеграциялау білім сапасын арттырудың шарты ретінде.
Баяндамашылар: Рахимбекова К.О, Кушелекова М.К. Тақырыбы: «ШЕКСІЗ МАТЕМАТИКА» ТАҢДАУ КУРСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Баяндамашылар: Жуманова Г.М және Жакупова Ш.Т.
Тақырыбы: «БАСТАУЫШ СЫНЫПТА «МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» ТАҢДАУ КУРСЫ АРҚЫЛЫ ТИІМДІ НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ»
Баяндамашылар: Садвокасова А.Т., Тусупова Н.Д.
Тақырыбы: «ШЕКСІЗ МАТЕМАТИКА» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ»