"Нұр шуағын төккен, қош келдің Наурыз!"

⚘⚘⚘18.03.2021 күні "Нұр шуағын төккен, қош келдің Наурыз!" атты мерекелік іс-шара аясында қазақ ұлтының қолөнер туындыларын насихаттау мақсатында «Қазақ халхының ши тоқу өнері» тақырыбында шеберлік сағат өткізілді. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалану міндеттерін іске асыру барысында тарихтың асыл қазынасын зерттеп үйретуге, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуде дана халқымыздың қолөнерін үйренуде шығармашылық жоба жұмыстарын «Ши тоқу» үйірмесінің қатысушылары 8В сынып көшбасшы оқушылары Төкен Сабына мен Магауина Альмира қорғап шықты. Шеберлік сағат барысында қазақ халқының атадан балаға, әжелеріміз бен мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнердің үздік үлгісі – ши тоқу жайында қызықты деректер, құнды мағұлматтар жүйелі де ретті баяндалды.