Елбасы табыстаған алтын белгі

Елбасы табыстаған алтын белгі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - "Елбасы қоры" дарынды жастар мен көшбасшыларды қолдау және дамыту мақсатында "Ел үміті" бастамасы аясында өткізілетін "Елбасы медалі" жобасы бүгін 26.03.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының басқарма басшысы Г. Қожахметованың қатысуымен онлайн тікелей эфирде салтанатты түрде өтті. Мектеп-лицейімізден 10 "А" сынып көшбасшысы Айтимбетова Дилназ және мектеп-лицей оқушысы, қазіргі таңда Қарағанды қаласының “Білім-инновация лицейінің" (БИЛ) 9В сынып оқушысы Жакибай Нұрай аталған медальмен және “Елбасы төсбелгісімен” марапатталды. Жобаның негізгі мақсаты: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибелерін 7 бағыт бойынша жетілдіру.
1️⃣Спорт және дене шынықтыру-салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, физикалық және психикалық денсаулықты дамыту және ерік-жігерді тәрбиелеу;
2️⃣Дарын мен дағды-дарын мен қабілетін дамыту, өзіне деген сенімін арттыру;
3️⃣Кітап оқу-ой-өрісін кеңейту, ойлануды үйрену және дүниетанымды қалыптастыру;
4️⃣Ұлттық мұра-ұрпақтар арасындағы бірегейлік пен байланысты нығайту және ұлттық мәдениетпен, әдет-ғұрып, дәстүрлермен таныстыру;
5️⃣Еріктілік-эмоционалды интеллект пен "soft skills" дамыту, әлеуметтік байланысты нығайту, патриоттық сезімді тудыра отырып, қоғам дамуына өз үлесін тигізу. Жеңістеріңіз құтты болсын!