"Нұр шуағын төккен, қош келдің Наурыз!"

18.03.2021 күні "Нұр шуағын төккен, қош келдің Наурыз!" атты мереке аясында "Ұлттық мәдениетіміздің негізі ұлттық қолөнер", "Сәндік- қолданбалы өнердегі заманауи құрақ үлгілерін өңдеу" тақырыбында оқушыларды ұлттық қолөнер мен сәндік-қолданбалы өнерге және жаңашылдыққа баулу, қолөнер саласында шығармашылық шеберлігін шыңдау, болашақ өмірде қолдана білуге тәрбиелеу мақсатында шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатқа 9"А",9"Ә",9"Б",9"В" сыныптарының қыз балалары белсенді қатысып, шеберліктерін көрсетті.