«Зиянды әдеттердің алдын алу»

«Зиянды әдеттердің алдын алу»

13.03. 2021 ж. күні Балқаш қаласы ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Нурбек Аян Алтайұлымен, «Зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында (Денсаулыққа зиянды әрекеттер: ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық) 9,10, 11 сынып оқушыларымен zoom платформасында кездесу өтті.
Оқушыларға «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңындағы «4 бап. Балалардың тең құқылығы», «36 бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау», «37 бап. Балаларды алкагольді өнімдер мен темекі бұйымдарының зиянды әсерлерінен қорғау» баптарының ішкі мазмұны айтылды. Зиянды әдеттертердің алдын алу үшін олардың ағзаға зияны туралы кеңес беріп, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын сақтау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылдану қажеттілігі жайында ақпараттық мәліметтер берді.