Сөз - құдіретті күш
Сөз - құдіретті күш. Қазақ сөз өнерін аса жоғары бағалаған.
Бір істі бастамас бұрын адам ниетін түзеп, тілек тілейді.
Ауыз әдебиетінің бір үлгісі адамға күш дарытар бата тілектер осы негізінде туған. Қазақ халқы осы құдіретті сезіп әрбір іс-қимылын ақ батамен бастап отырған. Бата беріп, тілек тілеудің өзіндік жолы бар. Ертеде ел жиналған жиында батаны ауызы дуалы қариялар не болмаса жұрт көңілінен шыққан сөз білетін адам беретін болған. Әулие не болмаса көп жасаған кейуана болмаса, батаны ер адам отырған жерде әйел адам ешқашан бермеген. Елдің барлығы жапатармағай сөз сөйлемей, бата-тілек бір адамның ғана аузынан айтылып, басқасы соған бағынып, байдам жасаған.
Осы орайда Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мектепалды даярлық сынып оқушыларының ата-әжелері отбасында бата беру үрдісін көрсетті.
https://www.instagram.com/p/CMXYM6sAuFa/