"Математикалық баспалдақтар"

Наурыз айының 12 жұлдызында Жаратылыстану-танымдық сауаттылығына бағытталған "Мен бәрін білгім келеді" апталығының кезекті мектепалды даярлық сынып оқушыларының кезекші топтары арасында "Математикалық баспалдақтар" танымдық ойын-сауығы болып өтті.
Ойын-сауық мақсаты: баланың даму деңгейін, сандар, геометриялық фигуралар және түстер туралы түсінігін анықтау.
Ойын-сауық барысында балалар мектеп фойесіндегі арнайы жасақталған ойындармен жарысты.