Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы

Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы

Қастерлі де қасиетті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуы мен мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай 23 ақпан және 5 наурыз аралығында 3-10 сыныптардың қатысуымен мектеп-лицейішілік Әлихан оқулары өткізілді.

Әлихан оқуларының мақсаты: Алаш көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның тарихи ерліктерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті күшейту, Әлихан Бөкейханның еңбектерін терең меңгеруге қызығушылығын ояту. Тәуелсіз елдің отаншылдық рухы сіңген патриот жастарын тәрбиелеу.

Әлихан оқуларын өткізу тәртібі:
«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз....» -Әлихан Бөкейханның тәуелсіздік, азаттық тақырыбындағы еңбектерін, нақыл сөздерін жатқа айту (3-5сыныптар үшін) .
«Әлихан Бөкейхан және Тәуелсіздік мұрасы» -Әлихан Бөкейхан бастаған ұлттық интеллигенция өкілдерінің бастамасымен құрылған Алаш Орда үкіметінің ұлт тарихындағы алар орны туралы эссе жазу (6-10 сыныптар үшін).
Әлихан оқулары online,offline форматында өтті. Барлығы 42 оқушы ат салысты .
Үздік деп танылған оқшылар дипломмен марапатталды.
Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!