«Алаш қозғалысының көсемі – Әлихан Бөкейхан»

«Алаш қозғалысының көсемі – Әлихан Бөкейхан»

05.03.2021
Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист- ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына арналған «Алаш қозғалысының көсемі – Әлихан Бөкейхан» атты мектеп-лицейішілік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі идеясы: еліміздің болашақ ұрпақтарының азаттығы үшін күрескен тарихи тұлғаның есімін ұлықтау, бар ғұмырын қазақ елінің тәуелсіздігіне арнаған ұлт көсемінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін жастарға үлгі ету.
Конференция міндеттері:
Алаш зиялыларының Тәуелсіздік жолында жүргізген саяси күресіне шолу жасау;
 Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен ғылыми салаларындағы еңбектерін зерделеу;
Алаш қозғалысының мұрағаттық құжаттарына сыни-ғылыми талдау жасай отырып, ондағы мұралардың тарихи құндылықтарын ашу.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
– «Тәуелсіздік ұрпақтары: Әлихан еңбектерінің бүгіні, ертеңі және келешегі»
– «Әлихан Бөкейхан және қазақ руханияты: Әлихан һәм Абайтану әлемі»
– «Әлихан Бөкейхан және қазіргі қазақ өркениеті»
– «Әлихан Бөкейханның ұстанымдық қағидаттарының оқу-тәрбиелік маңызы»
Конференцияның қатысушылар категориясы:
8-11 сынып оқушылары мен ғылыми жетекшілері
Конференцияның өту формасы: оффлайн форматта
Мектеп-лицейішілік ғылыми-практикалық конференцияға 40 жұмыс қабылданып, 17 ғылыми жобалар секциялар бойынша қорғалды.
Конференцияның қорытынды нәтижесінде:

1 секция- «Тәуелсіздік ұрпақтары: Әлихан еңбектерінің бүгіні, ертеңі және келешегі» бағыты бойынша:
1 орын- Айтказин Данияр, 10 А сыныбы.
2 орын-Күмісбек Ажар, 8Ә сыныбы
3 орын- Габдулманап Ерасыл, 10А сыныбы
2 секция-«Әлихан Бөкейхан және қазақ руханияты: Әлихан һәм Абайтану әлемі» бойынша:
1 орын- Қабдыбек Гүлнәз, 9 Ә сыныбы.
2 орын- Толеухан Алуа, 8А сыныбы
3 орын- Серікбек Назгүл, 8В сыныбы
3 секция- Әлихан Бөкейхан және қазіргі қазақ өркениеті» бойынша:
1 орын- Абилпейсова Салима, 9А сыныбы.
2 орын- Тұрсынбек Бауыржан, 9Б сыныбы
3 орын- Тұрсынбек Бауыржан, 9Б сыныбы
4 секция-«Әлихан Бөкейханның ұстанымдық қағидаттарының оқу-тәрбиелік маңызы»бойынша:
1 орын-Алтынбекова Айнур, 9Б сыныбы.
2 орын- Мұқан Ақбота, 8Б сыныбы
2 орын- Абзалбек Қарақат Қарақат,9Ә сыныбы
3 орын-Ибраимов Алихан, 8А сыныбы
3 орын-Амантаева Мадина, 8Б сыныбы
Барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз! Ғылыми шығармашыл дарындыларымыз тек биіктен көріне берсін!