«Тәуелсіздік бәрінен қымбат

 «Тәуелсіздік бәрінен қымбат

2021 жылдың 3-ші наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» мәдениет және рухани даму институты ҚР БжҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Алашорда» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының көсемі, Алаш-Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,жан-жақты энциклопедист ғалым Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай «Әлихан Бөкейхан – Қазақ елі мен жерінің тұтастық рәмізі» атты халықаралық онлайн конференция өтті.
Оның жұмысына отандық және шетелдік танымал алаштанушы ғалымдар қатысты.
Халықаралық онлайн конференцияға «Әлихан мектептері» қоғамдастығының озық іс-тәжірибелері ұсынылды.