Размер шрифта:

"Мамандықтар әлемін ашамыз"

"Мамандықтар әлемін ашамыз" республикалық форумның облыстық кезеңі онлайн форматта 24-26 ақпан аралығында өткен болатын. Форумның негізгі мақсаты: Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру. Форум 4 бағыттағы жұмыстарды қабылдады.

1. "Осындай мамандық бар" - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтардың балалар компьютерлік презентациялар байқауы;
2.Мамандықты таңдайтын уақыт" - видеовлогтар (бейнеәңгіме) байқауы;
Мен-мамандықтар әлемінде"-әдеби эссе байқауы;
3.Мамандық кеше, бүгін,ертең"-вайндар байқауы. Мектеп-лицейіміздің 9В сынып оқушысы Тілек Еркенұр аталған "Мамандық кеше, бүгін, ертең"-вайндар байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Құттықтаймыз!
Биік белестерден көріне берейік!