Размер шрифта:

Облыстық олимпиаданың ашылу салтанаты

Облыстық олимпиаданың ашылу салтанаты

✅22.02.2021ж. күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Биылғы олимпиаданың ерекшеліктері эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада әр мектепте zoom платформасы арқылы өтуде. Ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылып, құттықтау сөз Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Г.Ш.Кожахметова білім додасына қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Мектеп-лицейімізден 6 оқушы:

Амангелдіқызы Дамеля /химия 9-сынып/ ,

Батарбекқызы Раушан /биология 11-сынып/,

Серікбай Айнур /география 11-сынып/,

Сәкенова Айдана /физика 11-сынып/,

Разақова Аружан /ағылшын тілі 10-сынып/,

Қуаныш Толқын /өзін-өзі тану 11-сынып/. қатысуда. Оқушыларға алдын ала олимпиада ережелерімен таныстырылды. Олимпиадаға қатысушылар республикалық «Дарын» сайтына тіркеліп, жеке код арқылы тапсырмаларды алып орындайды. Орындалған тапсырмаларды сканерден өткізіп, жіберіліп отыр.