Размер шрифта:

"Дене шындықтыру апталығы "

18.02.2021 ж "Дене шындықтыру апталығы " аясында салауатты өмір салтын дәріптеп, спорт үздіктерінің жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, өңірдің үздік спортшыларымен онлайн - кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жерлестеріміз жетістіктермен бөлісіп, алға қойған жоспарларын айтты.
Кездесуіміздің қонақтары :
Мухамеджанов Оразғали Турсынович- қазақ күресінің спорт шебері.
Мухамеджанов Жумағазы Турсынович- садақ спортының спорт шебері.
Ермек Ерасыл Ерденұлы-Қазақстан Республикасының 3 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, Болгария Сербия елдерінде өткен 2019 халықаралық турнирлердің жеңімпазы, бокстан спорт шебері.
 Бурибаева Гульназ Бахтиярқызы- бокстан 2020 - 2021 жылғы Қазақстан Республикасының 2 дүркін жеңімпазы, Қарағанды облысының 4 дүркін жеңімпазы, республикалық, халықаралық турнирлердің жүлдегері.
Спорт сүйер оқушылар спортшыларға сұрақтарын қойып, алдағы дүбірлі додаларда да жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектерін білдірді.