"Бірге оқимыз"жобасы аясында "Шексіз математика"

17.02.2021 күні Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының "Бірге оқимыз"жобасы аясында бастауыш сынып мұғалімі Кушелекова Мейркуль Койшыбаевна "Шексіз математика"таңдау курсы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру" тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Таңдау курс барысында функционалдық сауаттылығын арттыруда оқушылардың жеткен жетістіктерімен бөлісе отырып,белсенді оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалана білді.
Мұғалім кәсіби тәжірибесін дамытудың қуатты құралы ретінде халықаралық зерттеу тапсырмаларға бағытталған "Tarsia","Moneta","Cиқырлы дөңгелекшелер" әдіс-тәсілдерін қолданды.
Ата-ана мен оқушы арасында бірлескен шебер-сыныптарда өткізген бейнеқордағы үзінділерімен бөлісті.
Іс-тәжірибе алмасу алаңының қорытынды кезінде "Шексіз математика"таңдау курсы бойынша зерттеу жұмыстары жинақталып,авторлық бағдарлама ретінде өнім шығатыны айтылды.