«Музей әлеміне саяхат»

«Музей әлеміне саяхат»

2021 жылы ақпан айының 17-і күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қала мектеп музейлерінің экскурсия жүргізушілері арасында «Музей әлеміне саяхат» байқауының қорытындысы өтті. Байқауға мектеп-лицейдің 9А сынып оқушысы Абылкаирова Жанель қатысып, бас жүлдені иеленді. Арнайы сыйлық беріліп, дипломмен марапатталды.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
І кезең. «Музей – өлке тарихының қазынасы». Мектепішілік музейге экскурсия жүргізіліп, бейнематериал ретінде түсірілді.
ІІ кезең. «Музей әлеміне саяхат». Бұл кезеңде Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің тақырыптық экспозициялық құрылымдары бойынша экскурсия жүргізілді.