Новый логотип «15 mektep-lisei»

Новый логотип «15 mektep-lisei»

2021 жылдың 25.01-06.02 аралығында педагогтер, оқушылар, ата-аналар арасында мектеп-лицейдің оқу – тәрбие үрдісіндегі ерекшеліктері мен бірегейлігін көрсететін логотип жасау байқауы өткізілді. Байқаудың талаптарын ескере отырып, 34 жұмыс нұсқасы қабылданып нәтижесінде байқау ережесіне сай 6 жұмыс іріктеуден өтіп, алғыс хаттармен марапатталды. Өткен әрбір жұмыстың жақсы элементтерін ескеріп, арнайы құрылған комиссия мүшелерінің шешімімен ортақ логотип бекітілді.
Жаңа логотиптегі ғаламдық білім кеңістігіне танылуын бейнелейтін Әлихан Бөкейханның бейнесі, оң жағында латын әрпімен жазылған «15 mektep-lisei». Кітап-асыл қазына ретінде бейнеленген. Шаңырақ – ұлттық құндылықтарымыздың ұясы, ынтымақтастық, бірлікті білдірсе, толқын – Балқашымыздың көкше көлін білдіреді.