"Көңілді дене тәрбиесі"
✅15.02.2021 ж. күні Денсаулык апталығы аясында 0 "Б" мектепалды даярлық сыныбында "Көңілді дене тәрбиесі" тақырыбында тәрбиеші А.А.Адамкулова ойын-сауық өткізді. Ойын-сауық барысында балалар жалпы дамыту жаттығуларын қызығушылықпен орындап, "Орамал тастамақ", "Сыңарыңды тап" қимылды ойындарын ойнау барысында белсенді, шапшаң қимылдау дағдыларын меңгерді. Ойын-сауық балалардың қызығушылықтарын арттырып, дене қимыл қозғалыстарын дамытып, қуанышты көңіл сыйлады.
Дата: 16.02.2021, 11:46 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі