«Үш бидің»

«Үш бидің»

13.02.2021 күні «Құқықтық навигатор» тақырыбында құқықтық сауаттылық апталығының қорытынды саптық жиыны болып өтті. Құқықтық сауаттылық апталығы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтатын болсақ, электронды презентациялар, суреттер, электронды үнпарақтар, ребустар байқауы, кітап көрмесі, «Үш бидің» шешендік сөздері атты көрініс, танымдық ойындар, дөңгелек үстел, кездесулер ұйымдастырылды. Саптық жиын барысында «Үш бидің» шешендік сөздері атты көрініс көрсетіліп, жүлделі орынға ие болған оқушылар марапатталды. Апталық барысында оқушылар іс-шараға белсене қатысты.