«Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы»
10.02.2021 күні Құқықтық сауаттылық апталығы аясында «Құқықтық сауаттылық – уақыт талабы» тақырыбы бойынша дәріс өткізілді.
Спикер: Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Максутова Жадыра Жанаткызы.
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру, құқықтық сауаттылығын арттыру.
Оқушылар дәрістен құқық, құқықтық жауапкершілік, ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, әкімшілік құқықбұзушылық, әкімшілік құқықбұзушылықтың негізгі түрлері, кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы, құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары жайында маңызды ақпараттар алды. Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалып отырды.
Дата: 11.02.2021, 19:12 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі