«Құқықтық навигатор»
08.02.2021 күні құқықтық сананы дамыту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Құқықтық навигатор» апталығының ашылуы онлайн және офлайн форматта өтті.
Саптық жиын «Адалдықтың алаңы» тақырыбындағы сюжетпен басталып, мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен ашылды.
Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Осы орайда мектеп-лицейдің 5 және 7 сынып көшбасшы оқушыларының «Құқықтық сауаттылық» тақырыбындағы агит бригадасының үгіт насихатымен жалғасты. Саптық жиын барысында мектеп-лицейдің жарғы, ішкі тәртіп ережелері, құқықтары мен міндеттері айтылды.Тарих және құқық пәнінің мұғалімдері апталық жоспарының барысымен таныстырып өтті.