"Padlet. Classtime платформаларының тиімділігі "
03.02.2021
"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығы аясында "Padlet. Classtime платформаларының тиімділігі " тақырыбында ZOOM платформасында шеберлік сағат өтті.
Пән мұғалімдері практика жүзінде Padlet виртуалды тақтаның ерекшеліктерімен, Classtime - оқу процесін сапалы ұйымдастырудың, оқушылардың деңгейіне қарай тапсырмаларды әзірлеп, оларды жылдам бағалауға, кері байланыс орнатуға мүмкіндік беретін құралдармен танысты.
Дата: 8.02.2021, 8:02 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі