«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы

 «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығы

01.02.2021
Облыстық «Зейін» жобасы аясында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының салтанатты саптық жиыны онлайн және офлайн форматта өтті.
Мақсаты: оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту және информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Онлайн саптық жиын мектеп-лицей директоры Қарлығаш Шәкәрімқызының құттықтау сөзімен ашылып, «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының іс-шаралар жоспары таныстырылды.
Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Осы орайда мектеп-лицейдің көшбасшы оқушыларының «Сандық әлем», «Оқушыларға арналған тиімді бағдарламалар мен қосымшалар» бейнероликтері көрсетілді.
Құрметті оқушылар, «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығына белсенді қатысуға шақырамыз!

@umckrg
@bakyt_himaldin
Учебно - методический центр развития образования Карагандинской области
@balkhash.goo.kz
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
#цифрлықәлемапталығы #неделяцифровоймир
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#umckrg.gov.kz
#bakyt_himaldin