«Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық»
01.02.2021
«Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық» онкүндігі апталығының ашылу салтанаты онлайн форматта өтті.
Мақсаты: оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- оқушыларға риясыз сүйіспеншілікпен өмір сүруді ұғындыру;
- рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту;
- қамқорлық жасауға, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Салтанатты саптық жиында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ғ.С. Алғадаева іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Құрметті оқушылар, «Өзін-өзі тану махаббат пен шығармашылық» онкүндігіне белсене қатысуға шақырамыз!
Дата: 2.02.2021, 18:05 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі