«Математика біздің айналамызда»

 «Математика біздің айналамызда»

2021 жылдың 30 каңтары күні сағат 14.00 де  «Математика біздің айналамызда» атты математикалық сауаттылық аптасының қорытындысы 5-10 сынып аралығында онлайн өткізілді.
Мектеп-лицей директоры Дубирбекова Қарлығаш Шәкәрімқызы сөз сөйлеп, оқушыларға математикалық сауаттылықтың өмірдегі пайдасын түсініп,білімдерін жетілдіру мақсатында апталықтағы белсенділіктерін жалғастыра берулеріне баса назар аударды.
Апта қорытындысында жоспарға сәйкес өткізілген танымдық ойындар, зияткерлік сайыстар, ашық алаңдар, жарыстар, онлайн көрмелер, дөңгелек үстел, онлайн суреттер көрмелері, «Шексіз математика» аясында Padlet тақтасындағы онлайн олимпиадаларға оқушылардың көрсеткен белсенділіктері, «Кубик-рубик-рекордсмен» жарысында ең үздік жетістік көрсеткен оқушылар аталып кетті.
5Б сынып оқушысы Құрал Жәнібектің кубик, пирамида жинаудағы видеосы тамашаланып, қорытындысында  Пи санының қызықты бір қыры музыка тілінде бейнеленуі тамашаланды