«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық сайыс.

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық сайыс.

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты танымдық сайыс.
 ✅Мақсаты:
Оқушыларды халқымыздың сөз өнері, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың  мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.     
Қатысқан сыныптар: 5 
Түрі: танымдық сайыс
Сайыс 3 кезеңнен тұрды:
✅1 – кезең: «Суреттермен жұмыс».
Оқушыларға 5 сурет көрсетіледі. Оқушылар сол суреттерге қарап мақал-мәтел айтады.
✅2 – кезең: ««Мен ұнатқан үш пән». Бұл бөлімде  әр топқа 2 жұмбақтан жасырылады. Сайысқа қатысушылар жұмбақтың шешуін тауып, үш тілде, яғни, қазақша, орысша, ағылшынша, аудармасын айтады.
✅3 – кезең: «Шатасқан мақалдар».
Сайыскерлер сөздерді ретімен құрастыру арқылы мақалды табады.
Сайыскерлер «Едіге», «Тұмар», «Ер Тоңға», «Зарина» атты төрт топқа бөлінді. Танымдық сайысқа оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Сайыс барысында жоғары ұпай жинаған «Ер Тоңға» тобы жүлделі І орынға ие болды. Ал ІІ орынды «Едіге» тобы,
ІІІ орынды «Тұмар»тобы, IV орынды «Зарина» тобы иеленді. Сайысқа белсене қатысқан топтар марапатталды.