«Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік!»
2021 жылдың 6 қаңтары күні рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде оқушының ішкі әлеуетін дамытып, адамгершілік ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында «Таза жүрек, жылы жүзбен қайырымдылық жасап жүрейік!» тақырыбында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ғ.С.Алғадаева қалалық деңгейде воркшоп өткізді. Жұмыс барысында шектеулі ресурс пен уақыт көлемінде қоғамның белгілі бір өзекті мәселесін шешуге бағытталған жаңа өнім- әлеуметтік жобаның жоспары, өзектілігі, мақсаты мен міндеттеріне баса көрсетіп, жобаның географиясы, жауапкершілік жүгі және жобаның ресурстарына нақтылай тоқталды. Кері байланыс кезінде құнды материалдарды әдістемелік отырысқа ұсыну сұралды.
Дата: 12.01.2021, 9:01 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі