«Тәуелсіздік тағылымы және Әлихантану» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы жоғары деңгейде онлайн формат

«Тәуелсіздік тағылымы және Әлихантану» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы жоғары деңгейде онлайн формат

✅Тәуелсіздік құндылығын дәріптеу және «Әлихантану» жобасы арқылы оқушылардың оқу – зерттеушілік әлеуетін арттыру мақсатында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы Әлихан Бөкейхан Нұрмұхамедұлына арналған 15.12.2020 күні өткен «Тәуелсіздік тағылымы және Әлихантану» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы жоғары деңгейде онлайн форматта өтті. Конференцияның негізгі 6 бағыттары бойынша, қала мектептерінен келіп түскен 40 жұмыстың 30 жұмысы жүлделі орындарға ие болды. Соның ішінде,
✅Бас жүлде – Ибраимов Алихан «Ә.Бөкейханов атындағы Балқаш қ,. №15 мектеп-лицейі» КММ 8 «А» сынып оқушысы иеленді. Арнайы «Әлихан Бөкейхан» медалі және дипломмен марапатталды.
✅І орын иегерлері:
1.Гончаров Иван «Балқаш қаласы №17 мектеп-лицей»
2.Байтлеева Қымбат «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы»
3.Сүйіндік Бекарыс «ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 санаторлы мектеп интернаты
4.Тлеуғабылова Аружан «Балқаш қ,. жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі»
5.Мустафин Константин «Балқаш қаласы №17 мектеп-лицей»
✅ІІ орынды - 10 оқушы иеленсе,
✅ІІІ орынмен - 14 оқушы марапатталды. Барлық қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!
✅Конференцияның қорытынды ұсыныстары:
✔️1.«Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына» орай аймағымыздағы «Ә.Бөкейханов» есімімен аталатын білім беру мекемелері арасындағы аймақтық/облыстық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру;
✔️2.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясының өзектілігі мен баға жетпес тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерейтойын атап өту мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысы «Сарыарқа дарыны аймақтық ғылыми – тәжірибелік орталығы және «Тұлғатану» ғылыми – зерттеу орталығымен бірлесе отырып, дебаттар, эссе байқаулары, танымдық сағаттар, тарихи – өлкетану бағытындағы экскурсиялар, шығармалар байқауы, көшеттер отырғызу, тарихи – танымдық кештерді іске асыру;