15.12.2020 күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, қазақ халқының азаттық жолындағы күрестің алдаспаны болған аяулы тұлға, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналған е

 15.12.2020 күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, қазақ халқының азаттық жолындағы күрестің алдаспаны болған аяулы тұлға, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналған е
✅ 15.12.2020 күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, қазақ халқының азаттық жолындағы күрестің алдаспаны болған аяулы тұлға, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналған ескерткіш-бюсттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі Ораз Қайсаұлы Тәуірбеков атаулы мерекесімен құттықтап, Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа арналған ескерткіш – бюстті ашты.
«Әлихан Бөкейханов» қоғамдық қорының жетекшісі Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғап «Қыр баласы»-Ұлт көсемі алты алаштың болашағы жарқын екенін, дара жолын жас ұрпаққа үлгі ете отырып, жұртшылықты құттықтады.
​ Әлихан Бөкейхановтай ұлт арысы атанған дара тұлғаның, айшықты есімін бүгінгі жас ұрпақ, абыроймен арқалап жүретін рухы биік, өресі кең болатындығына сеніміміз мол. Осы орайда Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейінің оқушысы Әлихан Ибраимов “Әлиханға арнауын” жолдап, тыңдармандарды рухтандырды.
Салтанатты рәсімде осы іс-шараға қолдау көрсеткен, рухы мықты, елінің жанашыр атымтай жомарты, жеке кәсіпкер Қасымбеков Серік Төлегенұлы «Әлихан Бөкейханов» қорының №1 медалімен және Әлихан ізін жалғастырушы, «Туған елге тағзым» және «Әлихантану» жобасына белсенді қатысып, іздену-зерттеушілік қабілетімен дараланған жас дарын, 8 «А» сынып оқушысы Ибраимов Әлихан «Әлихан Бөкейханов» қорының №2 медалімен марапатталды.
Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!