2020 жылдың 11 желтоқсан «Балалар түнгі қалада» облыстық акциясы аясында өткен рейд ақпары.
2020-2021 оқу жылының желтоқсан айында қалалық «Балалар түнгі қалада» облыстық акция аясында рейд жүргізілді. Рейдтің мақсаты: мектеп-лицейішілік есепте тұрған оқушылар және қадағалауды қажет ететін оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Мектеп инспекторы Нұрбек А.А. және мектеп-лицей әкімшілігінен түнгі қалаға рейдтік жұмыстарын жүргізді.
Мектеп инспекторы Нұрбек А.А., әлеуметтік педагог Исаинова М.Б., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәңірберлі Д.Р., сынып жетекшілер Абдрасыл Д.Б., Сатбек С.К. бірлесіп 20.00-22.00-ге дейін көл жағалауына, «Синема» кинотеатрына, «Толағай» кафесіне, Ленин, Қараменде би көшелеріндегі магазиндерге, саябақтарға,компьютерлік клубтарға, калянхана, «Донер» түрік асханаларына және үйлердің жертөлелеріне, автотұрақтарға рейд жүргізді. Көшеде кездескен балаларға ескерту жасалды. Кездескен колледж студенттері, оқушылар жасөспірімдердің түнгі уақытта көңіл көтеретін орындарында не үйден тыс уақытта заңды өкілдерінсіз жүрмеу ережелерін жақсы білетіндерін айтып, шектеулі уақытта үйге қайтатындарын айтты.