«Ұлтқа өнеге - Ұлы есім» атты кездесу-сұхбат
✅«Ұлтқа өнеге - Ұлы есім» атты кездесу-сұхбат
2020 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысының білім басқармасы «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Қарағанды қаласының №66 мектеп-лицейінің on-line форматында ұйымдастыруымен Хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтқа өнеге - Ұлы есім» атты кездесу-сұхбатқа «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ мектеп-лицейі әкімшілігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері және мектеп-лицейіміздің Абай есімді 3Ә сынып оқушысы Нұрлан Абай қатысты.
Кездесу барысында Абай есімін иелеген әр түрлі маман иелері мен оқушылар ұлы Абайдың даналық сөздерін өздеріне үлгі тұтатындығын айтып, жыр шумақтарын оқыды. Жас Абай есімді тұлғаларға Ұлы ақынның есімін алып жүруде үлкен жауапкершіліктің бар екендігі жеткізді.
Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызы кездесу-сұхбат соңында облыс бойынша Абай есімі берілген жеті мектептің бар екенін айта отырып, ақын есімін ұлықтауды жыл сайын дәстүрге айналдырып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді. Біз де осы ұсынысты қолдап, алдағы уақытта жас ұрпаққа Хакім Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкей кестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде және
ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейімдеуде іс-шаралар ұйымдастыруға өз үлесімізді қосамыз.