«Бірге оқимыз!» инновациялық жоба
2020 жылдың 11 желтоқсанында «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы аясында Қарағанды облысының педагогтеріне арналған кезекті воркшопта «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Тергеубаева Кулпан Амановна «Қашықтан оқыту жағдайында электрондық оқытудың нысандары мен әдістерін пайдалана отырып жаратылыстану пәнінде зерттеу жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбында өз іс -тәжірибеcімен бөлісті. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған жаратылыстану пәніндегі зерттеу жұмыстарының ерекшелігін қарастыру мақсатында ұйымдастырылған ашық алаңда «Балапан» телеарнасындағы видеосабақтар, «Google classroom» платформасы, BilimLand oнлайн-мектебі, «Kahoot» (getkahoot.com) онлайн-сервисі, «MOZAIK 3D»-цифрлық білім беру алаңы,
«Bilimal» электронды мектеп платформаларын тиімді қолдану үдерісін көрсетіп, әдіс-тәсілдерінің тиімділігін көрсетті.