«Сабақты зерттеу-Lesson Study» тақырыбында педагогтерге арналған нұсқаулық семинар
✅05.12.2020 күні оқытудың сапасын арттыру, мектеп-лицей оқушыларына білім алуға көмектесу, мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруге ықпал ету мақсатында Lesson Study зерттеуін жүргізуде мұғалімдерге әдістемелік қолдау ретінде «Сабақты зерттеу-Lesson Study» тақырыбында мектеп-лицей педагогтеріне арналған нұсқаулық семинар өтті. Семинар барысында сабақты зерттеуді жүргізудің алгоритмдері көрсетіліп, сабақтарды мұғалімдер бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалап, талдайтын бірлескен зерттеу мен шығармашылық алаңы үйлестіруші фокус топтар құрылды. Жоспарлау, сауалнама жүргізу үлгілерімен, сондай-ақ сыныптағы түрлі деңгейлі оқушыларды таңдап алу, бақылау картасын толтыру, сабақтарды талдау мен оқушылармен сұхбат жүргізу бойынша ұсынбалар беріледі.
Мектеп-лицей коодинаторы: Садвокасова А .Т