Размер шрифта:

«Ұлттық теңге- ел тәуелсіздігінің белгісі»

«Ұлттық теңге- ел тәуелсіздігінің белгісі»

24.11.2020 күні «Ұлттық теңге- ел тәуелсіздігінің белгісі» атты 6 сынып оқушыларымен тақырыптық сабақ өтті. Тақырыптық сабақ барысында оқушыларға теңгенің шығу тарихы туралы ақпарат беріліп, тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетілген болатын. Ең алғашқы теңге номиалымен  таныстырылып ол жерде кімнің бейнеленгені туралы айтып түсіндірілді. Оқушылармен сұрақ-жауап викторинасы өтті, балалар теңге туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Ұлттық теңгеге байланысты оқушыларға теңге-деген сөзге синоним табу ұсынылды, оқушылар бірден теңге, тиын, қаржы, валюта деген терминдерді айтып теңгенің синонимын айтып берді. Оқушыларға биылғы 2020 күні шыққан жаңа номиналдағы «Қазақтың жеті қазынасы» атты жаңа теңгелер көрсетілді.