«Қашықтықтан оқытуда платформалардың тиімділігі»

«Қашықтықтан оқытуда платформалардың тиімділігі»

✅11.11.2020 күні Қазақстан Республикасында орта білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату бойынша мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығының тәжірибесін таныстыру және жалпылау үшін ұйымдастырушылық-әдістемелік жағдай жасау мақсатында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының жетекші мектептерінің аймақтық форумы өтті.
✅Форумда мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т.Кульбаева “Ынтымақтастық тиімділігінің өлшемдері” 3- алаңда «Қашықтықтан оқытуда платформалардың тиімділігі» және физика пәнінің мұғалімі Г.Ж.Макенбаева “Тәжірибедегі зерттеу” 2- алаңында «Іс-әрекеттегі зерттеу арқылы білім сапасын жетілдіру» тақырыптарында шеберлік сағатында іс-тәжірибесімен бөлісті.
✅Білім беру мазмұнын жаңартуға қолдау көрсетуді жүзеге асыратын желілік орталықтар ретінде Жетекші мектептердің аймақтардың әдістемелік орталықтарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсатында әдістемелік ресурстар мен әзірлемелердің виртуалды көрмесінде «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ НЗМ-нің тәжірибесін тарату бойынша 2015 жылдан бастап жүргізілген жұмыстарды Padlet Интерактивті тақтасына ілінді.
✅Көрмеде Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту шеңберіндегі жаңа тәсілдерін енгізуді шығармашылық топтар және педагогтермен атқарылған жұмыстар көрсетілді.