«Бала құқығы -асыл қазына»
10.10.2020 оқу жылында мектеп-лицейіміздің 5-6 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Бала құқығы -асыл қазына» тақырыбында зум платформасында кездесу өтті. Жоғары сынып оқушылары үшін құқықтық тәрбие беру өте маңызды. Оқушыларға қашықтан оқу кезінде сыртта жүрмеу, сабақтарына дер кезінде қатысу жайлы, түнгі уақыттарда заңды өкілсіз жүрмеу, қоғамдық орындар мен көшелерде тазалық сақтауға, достарын жағымсыз қылықтардан сақтандыруға, ұялы телефонды қажетті ақпарат алу үшін қолдануға т.б. кеңестер айтылды.
Дата: 12.10.2020, 9:25 Автор: Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп - лицейі