«Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» «Бұрымды қыз»
✅Қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 2020 жылдың 6-8 қазан аралығында Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қашықтықтан «Бұрымды қыз» байқауы өткізілді. Байқауға 1-4 сынып оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Құттықтаймыз!!!!