«Жастар және журналистика»

«Жастар және журналистика»

✅09.10.2020 күні мектеп-лицей кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиетке жақын, журналистикаға бейім оқушылардың болашағына жол ашу мақсатында 8-10 сынып оқушыларына арналған «Жастар және журналистика» тақырыбында Zoom платформасында диалогтік алаң өтті. Ашық алаңды мектеп-лицейдің көшбасшы оқушысы, журналистика мамандығын таңдаған 11 «Ә» сынып оқушысы Павлик Олжас жүргізді. Іс-шараға арнайы шақырылған жергілікті «Пульс» газетінің тілшісі, ақын-сазгер Қуандық Мақсұтұлы Сәденов, «Балқаш өңірі» газетінің редакторы, ақын Қуаныш Сағынтайұлы Аманқұлов қатысып, оқушылардың сұрақтарына сүбелі жауап беріп, ашық оймен пікір алмасты.