Размер шрифта:

«Еңбек күні»

«Еңбек күні»
✅ Бүгін - 27 қыркүйекте Қазақстанда Еңбек күні тойланады. Осыдан жеті жыл бұрын Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің соңғы жексенбісін Еңбек күні деп бекітті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы Адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Елбасының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленді.
✅ Еңбек күніне орай жоғарғы кәсіби шеберлігі мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқаны үшін мектеп-лицейіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері Әбеу Абай Тлеуғабылұлы мен жас маман Жанат Еламан Ерболұлы Балқаш қаласының білім бөлімі мен Балқаш қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталды.
Құттықтаймыз!