Размер шрифта:

«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»

«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»
«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»
 
 
Бүгін XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің көшін бастаған, алаштың ардақты азаматы, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Ұлт жолында басын бәйгеге тіккен алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірден озған күні. Мәңгілік ардақтап, есіміңізді де, ұлтым деген ұлы істеріңізді де ұлықтаймыз!
Осы орайда ұлт мақтанышының 5 қанатты сөзі мен 5 ұстанымын назарларыңызға ұсынамыз.
Бес қанатты сөзі:
1. Тіршілік-ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбау-әдіс;
2. Дүние билігі күннен-күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауып барады;
3. Білімнен мақсат шықпайды;
4. Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттың ынтымағы ғана;
5. Тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын.
Бес ұстанымы:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: "Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді".
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек».
Үшінші ұстаным: Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, "Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек". Яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.
Төртінші нысана: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру.
Алаштың арманы болған егемендікті арқа тұтып Алаш ардақтыларын ұлықтауға ат салысамыз!