‼️Желілік чат-коммуникация арқылы ақпараттарды жазу мәдениеті мен этикасы

‼️Желілік чат-коммуникация арқылы ақпараттарды жазу мәдениеті мен этикасы

‼️Желілік чат-коммуникация арқылы ақпараттарды жазу мәдениеті мен этикасы ✅Сынып жетекшінің чат-коммуникация шекарасы                                                       

1.Чат-коммуникация арқылы сөйлесу, я болмаса пікірлесу кестесін құрыңыз (9:00-18:00)
2.Өте жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріңіз.
3.Чатқа 3 реттен артық жазбаңыз:
а)Танертең: яғни, ата-ана мынаны ….. бүгін білу керек;
ә) Күндіз: таңертеңгілік тапсырмалардан туындаған сұрақтарға және пікірлерге жауап беру;
б)Кешке: бүгінгі күнге қорытынды (кері байланыс).
✅Чаттағы ата-ананың міндеттері: (аталған міндеттер №345 бұйрыққа негізделіп жазылды)
1.Балаңызға онлайн оқуға жағдай жасаңыз;
2.Күнделікті берілетін «оқу тапсырмаларын» орындауда балаңызға көңіл бөліңіз, көмек беріңіз;
3.Сынып жетекшімен тек мектепке, пәндік сабақтарға қатысты сұрақтар бойынша хабарласыңыз; (9:00-18:00 дейін)
4.Оқу платформаларындағы туындаған мәселелерді тікелей сынып жетекшіге жеткізіңіз;
5.Күнделікті балаңыздың бағалары мен оқу тапсырмаларын «Bilimal электронды мектептен» тексеріңіз;
6.Пән мұғалімдері синхронды (ZOOM, тікелей онлайн сабақтар) және асинхронды (Bilimal арқылы оқу тапсырмаларын беру, жаңа сабақтардың видеолары, презентациялар) форматта күніне 2 не 3 рет болатын сабақтарды аталған екі форматта өткізуі өз еркінде екенін ескеріңіз;
7.Білім алушылар және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан педагогтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетуді ескеріңіз; ("Педагог мәртебесіне" 2019 жылғы 31 тамыз № 645 қаулысы).