5 қыркүйек ұлт ұстазы атанып,соңына өшпес із қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және осы күнге орайластырып аталып өтетін тілдер күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!

5 қыркүйек ұлт ұстазы атанып,соңына өшпес із қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және осы күнге орайластырып аталып өтетін тілдер күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!

 Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
5 қыркүйек ұлт ұстазы атанып,соңына өшпес із қалдырған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және осы күнге орайластырып аталып өтетін тілдер күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз!
Ахмет Байтұрсынов – XX ғасырдың басында қазақ демократиялық қозғалысының көшбасшысы, ағартушы, лингвист ғалым, көрнекті саяси және қоғам қайраткері, қазақ тілі орфографиясын жаңартушы, ақын, публицист. Ол тұңғыш жалпы ұлттық «Қазақ» газетінің негізін қалаған. Қоғамдық өмірдің дамуына және қазақ мәдениетінің дамуына А. Байтұрсыновтың қосқан үлкен үлесі бүгінде жас ұрпаққа үлгі ретінде қызмет етеді.
 Ана тіліміздің болашағына зор жауапкершілікпен қараған Ахмет Байтұрсынов «Өз тілімен сөйлескен,өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешқашан жоғалмайды»-деген. Бойында қазақтың қаны бар,намысы бар кез келген азамат бабалардан қалған асыл мұрасы ана тілін қадірлеуге,оны көзінің қарашығындай қорғауға міндетті.
Ана тіліміздің айбыны асқақтап,тіліміздің тұғыры биіктей берсін!