Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
✅ Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің Ата Заңы тарихи дамуымыздың жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді.
Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.
Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Сіздерді атаулы мерекемен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Мектеп-лицей әкімшілігі