«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру»

«2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру»

«Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ-нің педагог қызметкерлеріне арналған 2020 жылдың 19 тамызында жалпы республикалық «2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру» тұжырымдамасы туралы педагогикалық кеңес өтті.
✅ Педагогикалық кеңестің мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері бар педагогтерді хабардар ету.
Педагогикалық кеңесті мектеп-лицей директоры К.Ш.Дубирбекова жүргізді.
✅ Күн тәртібіндегі жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
✅ 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс
істеу қағидалары, қашықтан оқытуда мұғалімнің жұмыс орны және ережелері,
техникалық дайындық және жұмыс орны, қашықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі және педагог имиджі және этикетті сақтауы, мектепте қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет-платформасымен таныстыру, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері, баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек? деген мәселелер қаралды.
✅ 2020-2021 оқу жылында 1000-нан астам оқушы 41 сыныппен оқу процесінің жұмыс жасау жоспарланғаны туралы айтылды. Ал, 1-4 сыныптарда 400 оқушы, оның 335 –і офлайн оқуға ата-ана тарапынан өтініш білдірді. Кезекші сыныптарда санитарлық талаптардың сақталуы туралы және басты назарда болуы айтылды. Қашықтан оқыту процесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта да
өтуі мүмкіндіктеріне тоқталды. Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп- лицейімізде «sdot.bilimal.kz» интернет-платформасының қағидаларымен таныстырылды.
✅ Қашықтан оқыту кезінде сабақты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстармен таныстырды. Биылғы оқу жылында 2-11 сынып оқушылары үшін бағалау ережелеріндегі өзгерістер бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарына тоқталды. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың ерекшеліктерін атап өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешім қабылданып, білім бәйгесінде бақытын аялайтын, уақытын аямайтын 
ұстаздар қауымына жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа табыстар тіледі.