«Абайтану» курсын қашықтан оқыту жағдайында ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар

 «Абайтану» курсын қашықтан оқыту жағдайында ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар
10.06.2020ж. күні «Абайтану» курсын қашықтан оқыту жағдайында ұйымдастыру» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинар модераторы – «Өрлеу» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ, аға оқытушысы Смагулова Казиза Габдоллаевна.Вебинар барысында курсты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану арқылы оқушылардың ақын мұрасын зерттеп, зерделеу мақсатында жоба жұмыстарын әзірлеудің ерекшеліктеріне тоқталды.Мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ө.Ерменбетова «Абайтану» курсының 4-тоқсанда қашықтық жағдайында жүргізілгенін айта келе, үш тоқсан бойы Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша курсқа қатысушы-оқушылардың «Абайдың қара сөздеріндегі тәрбие мәселесі» тақырыбында жасалған жоба жұмыстарына тоқталып өтті.«Өрлеу» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен ІІ республикалық буктрейлер онлайн байқауының екі бағыты:А.Құнанбайұлының 175 жылдығы және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған жоба жұмыстарының қорытындысы бойынша буктрейлер әзірледі. Соның бірі 8-сынып оқушысы Сатыбалды  Айдананың Абайдың бірінші қара сөзіне жоба қосымшасы ретінде буктрейлер әзірлеген материалы вебинарға қатысушылардың назарына ұсынылды.
#ООБ_школадома