Сіздің уақытыңызды ұрлап жүрген 6 нәрсе
Сіздің уақытыңызды ұрлап жүрген 6 нәрсе
1. ТЕЛЕДИДАР КӨРУ
Үйде төрдегі теледидардан көрмесеңіз де, компьютерден, смартофоннан көретініңіз анық. Теледидар көргеннен ешқашан ұтпайсыз. Ерекше шабыт беретін киноларды жоспарлап көріңіз. Жай уақыт өлтіру үшін кино көру, теледидар қарау-ең нашар өткен уақыт.
2.ІСТІ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ
5 минутқа жетпейтін істі қазір жасап тастаңыз. Оны кейінге қалдырмаңыз. Үлкен істі төрт бөлікке бөліп, алғашқы бөлігін қазір жасаңыз. Істі кейінге қалдырсаңыз, оны бәрібір өзіңіз істейсіз. Ал кейде ол істеуге келмейтін, өте кеш болуы мүмкін.
3. БӘРІНЕ «ИӘ» ДЕУ
Ақкөңіл болу жақсы дегенмен, бәрінің көңілінен шығуға ұмтылу-ең ақымақтық нәрсе. «Мынаны жасап берші» жоқ деп айтып үйреніңіз. Өмір сіздікі, оны біреудің жұмысын істеп өткізесіз бе?! Істеп берші дейтіндердің өзі негізі соны істей алады.
4. ПЕРФЕКЦИОНИЗМ
Перфекционист адам әрбір істің кемшіліксіз болғанын қалайды. Бір жерден қате көрсе, ары қарай істемей қояды. Өмірде бәрі идеалды болады деп кім айтты? Бір кем дүние. Істі қолыңнан келгенше әдемі жаса. Ең қажеті сол.
5. КӨП ІСТІ ҚАТАР ІСТЕУ
Бұл бәрімізде бар нәрсе. Көп істі тындырып жатқандай сезінесің. Алайда бір де бір ісің соңына дейін бітпейді. Мұның шешімі: ең маңызды істі алдымен істеу.
6. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ОТЫРУ
Инстаграмның «интересное» бөліміне кіріп алып, шықпайтындар бар. Қай жұлдыз не істеп жатқаның білмесе, басы ауырады. Одан пайда бар ма? 1 айдан соң қажет бола ма? Мүмкін болса, пайдалы ақпарат беретін парақшаларға ғана кіріп, қажетті шабыт алған дұрыс.
Пайдалы кеңес joo.kz парақшасынан өңделініп алынды.
#ООБ_школадома