Размер шрифта:

Ардагер Мұқажан Жүкенұлы Омаров

Ардагер Мұқажан Жүкенұлы Омаров

Мұқажан Жүкенұлы Омаров 1925 жылы 1-ші мамырда Ақтоғай ауданының «Өндіріс» колхозында (қазіргі Шабанбай би ауылы Қасабай бөлімшесінде) дүниеге келген. Балқашта Ақбелдес және Мәмилә апайының қолында өсіп, екі үйдің ортасында жүргенде, оны «Рыбтрестің» Қарамұрын балалар үйіне алып кеткен. Содаң соң, Талдықорғанның балалар үйіне жібереді. Балалар үйінен интернатқа ауыстырылып, сонда біраз тұрады. Кейін Нурифа Жақсылыққызы деген әже асырап алады. Ол Саттай, Аманбай деген әженің бауырларымен «Жалғыз ағаш» колхозында тұрған. Ер жетіп сол колхозда жұмыс істеп жүргенде, 18 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылады.
1943 жылы 6-шы сәуірде әскери комиссариат шешімі бойынша Қиыр Шығыстағы соғысқа жіберіледі. Ол Жапон милитаристеріне қарсы ұрыстарға қатысып, қайсарлық танытқан. Соғыста минометшы болған. Соғыс біткен соң, 1948 жылы 20-шы қарашада ауылға қайтады. Сол жылы аға кондуктор болып жұмысқа орналасады. 1952 жылы Балқаш қаласына көшіп келіп, Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының мыс электролиз цехында, сонымен қатар, қалалық білім бөлімінде де еңбек еткен. Күлдараш әжем екеуі 7 бала тәрбиелеп жеткізген. Бүгінде 15 немере, 5 шөбере сүйіп отыр.
Майданда көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «КСРО Қарулы Күштеріне – 70 жыл» мерейтойлық және Жуков медальдерімен марапатталған.
Жеңіс күні – абырайымыз бен даңғымыздың мерекесі. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген ержүрек аталарымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.


#ООБ_бессмертныйполк

бейнежазбаны көру үшін сілтемеге өтіңіз

https://www.instagram.com/p/B_xNhBkpoOj/